Құқық
4 жасар қызды қағып өлтірген атыраулыққа сот үкімі шықты
Атырауда 4 жасар қыз бен анасын қаққан жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2017 жылдың желтоқсан айында орын алған. «Lada Largus» маркалы автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан 4 жасар қыз бен анасын қаққан. Жарақат алған кішкентай қыз бен анасы Атырау облыстық балалар ауруханасына әкелініп, аурухана төсегінде сәби қайтыс болады.
Жазасын өтеуші азамат іс-әрекетіне өкінетінін айтып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектей отырып, көлік жүргізу құқығынан айырды.
Ал сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Хорлан Смадияр