Өзін қорлаған педофилді өз қолымен пышақтаған қызға сот төрешісі жақтасты

Жаңалықтар

Педофилді өлтірген қыздың айыппұлын сот өз мойнына алды. Қыз 8 жасында педофилдің қорлығын көрген деп жазады qamshy.kz.

pogudx5ugnr7odqf7.9960ae90

56 жастағы ер кісі үлкен қылмыспен түрмеге қамалған, алайда 2009 жылы қашып шығыпы. Ұсталған соң қылмыскерге үй қамақта ұстау керек деп үкім шығарылды. Сот қабылдаған бұндай жаза түрі өмірдің қорлығын ерте көрген қыз үшін үлкен күйзеліс болды. Себебі, түрмеден қашып шыққан адам үй қамақта отырса, міндетті түрде үйінен шығудың амалын қарастырар еді. Солай істеді де.

2015 жылдың қарашасында қыз педофилдің үйіне өзі барып, отбасы мүшелерінің көзінше қылмыскердің ішіне пышақ сұғады. Прокурор Хизер Гилмордың айтуынша, пышақ еркектің кеуде тұсына тиген және күретамырын кесіп өткен. Бірақ, аман қалыпты. Бұл ісінен соң қыз Брэлфорд қаласындағы полиция бөлімшесіне өзі барып, ер кісіге пышақ тыққанын айтып береді.

Адам өлтірмек болды деген айыппен прокуор қызды 2 жылға бас бостандығынан айырады. Алайда Джонатан Дарем Холл есімді сот төрешісі қызға қатысты бұндай шешім қабылдануына қарсы шығады.

«Мен отбасын асырап отырған қызды түрмеге тоғыта алмаймын», – деді сот үстінде төреші.

Соттың айтуынша, педофил қыздың өмірін құртқан, оның одан басқа амалы бар ма еді? Сөйтіп, қыз жазадан құтылады.

«Педофилге берілген жаза шын мәнісінде жеңіл болған еді. Алайда, тағдыр оны басқаша жазалаудың тәслін жасапты», – десіп жатты сотқа қатысқандар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз