Жарнама
Құқық

Атырауда жастар арасында «Заң жолы» патриоттық квесті өтті

Облыстық полиция департаменті мен облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында ерекше форматтағы «Заң жолы» патриоттық квесті ұйымдастырылды.

0a9dd0d5 c00d 4697 a38a c45f573eb79f 1

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отансүйгіштік рухты нығайту және азаматтық белсенділікті дамыту.

Квестке 14–20 жас аралығындағы бес команда қатысты. Ойын облыстық полиция департаментінің ғимаратында және оған іргелес алаңда өтіп, 1,5 сағатқа созылды. Қатысушылар түрлі логикалық және тәжірибелік кезеңдерден өтіп, қосымша сұрақтар арқылы ұпай жинады.

Шара құқық қорғау органдары мен жастар арасындағы өзара сенімді нығайтып, өңір жастарының құқықтық мәдениетін арттыруға үлес қосты.

Ботагөз ИСАТАЙ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button