Өзін Құлсарының бұрынғы әкімі деп таныстырған азаматтың бейнежазбасы тарады

screenshot 20220520 170758 Құқық

Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: 20 мамыр күні әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы Көктем шағын ауданында белгісіз тұрғындардың өзін Құлсары қаласының бұрынғы әкімі Қаржау Шарғабаев деп таныстырған тұлғаны политилен қапшыққа оралған ақ түсті белгісіз ұнтақпен ұстап алған бейнежазба таралды.

Жазба авторы ақ ұнтақтың есірткі заты екенін түсіндіреді. Аталған фактіге қатысты Атырау қалалық полиция басқармасының №2 қалалық бөлімі Қылмыстық кодекстің 296 бабы 2 бөлігімен тергеу амалдарын бастады. Қазіргі таңда 1981 ж.т., Жылыой ауданының тұрғыны Қ.С.Шарғабаевтың жүрген жері анықталуда.

Сондай-ақ, 20 мамыр күні Facebook желісінде Қаржау Шарғабевтың 19 мамыр күні Томарлы селосында белгісіз 7-8 адамдардың ұрып-соғып, телефонын тартып алып, қорқытып видеоға түсіргені туралы бейнеүндеуі жарияланды. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен тергеу басталды.

«Атырау облыстық ПД»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз