ЖЫРЫМЕН ЖҰБАТҚАН ФАРИЗА АПАМ…
Әр қазақтың жүрегінде өз Фаризасы бар, оны естен шығару, ұмыту мүмкін емес. Менің де есімнен Фариза апаммен сұхбаттасқан сәттер кетпейді. Жақсы араласып, сыйласып тұрушы едік. Елде екі асқар тауым бар. Олар – Фариза апам мен Әбіш ағам.
Соңғы рет елге барғанда, «Фариза апам сырқаттанып қалыпты» деген соң кездесіп, халін сұрайын деп едім, Көкшетауға шипажайға емделуге кетті деді. Бірақ, жүрегім осылай боларын сезді ме, кездеспей кеткім келмеді. Елдегі көптен араласып жүрген жанашыр жандарымның бірі – Ділдәш Битуова апай көлік тауып, Бурабайға жеткізді. Келгенімізге Фариза апам сондай қуанып, ұзақ әңгімелестік. Дәл сол сәтте ол кісіні соңғы рет көргенімді қайдан білейін?..
Фариза апамның Қоңырға арнаған жоқтау өлеңі бар еді. Қоңыр қайтыс болып, қайғы жұтып отырғанымда қасымнан табылған еді. Көңіл айтуға келгенде лезде 12 шумақ жоқтауды ағыл-тегіл ақ қағазға жазып тастаған. Сол екі парақ қағазды қарашығымдай сақтап, «Қоңыр туралы кітап жазам, Фариза апамның өлеңімен бастаймын» деп сақтап жүр едім. Соңғы кездесуде сол өлеңді көрсеткенде: «Сақтағаның жақсы болған екен», — деп қуанып қалған. Қоңырдың Кеңсайға, қазақ батыры Бауыржан Момышұлының жанына жерленуі де Фаризаның арқасы еді. Енді сол Қоңыр кеткен жаққа өзі де аттанды. Қош деуге көңіл қимайды. Бақұл бол, Фариза апа! Иманың салауат болғай!
Сол жоқтау өлеңді оқырманға алғаш рет ұсынбақпын:
Фариза Оңғарсынова
Қоңырды жоқтау
Оңайша Мандоки,
Будапешт, Венгрия.