Жарнама
Қоғам

Жылыойда жылыжай салынбақ

  Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына енгізілген жобаның бірі – «Атырау-Сауда» ЖШС-нің жылыжайы.

Жергілікті халықты экологиялық таза әрі сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатын көздейтін бұл жоба биылғы жылы жүзеге асырылуға тиісті. Жылыойлықтар үшін жылына 480 тонна қияр, 350 тонна қызанақ, 185 тонна тәтті бұрыш өсіруді көздейтін көкөніс жылыжайының көлемі 2,1 гектарды құрайды. Қазір серіктестік басшылығы израаиьдік «Нетафим» компаниясымен келісім-шартқа отырып,тиісті қаражатын аударды. Таяу күндері құрылыс нысанында жылыжайдың іргетасы құю жұмыстары басталмақшы

Дайындаған: Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button