Жарнама
Қоғам

Жылыой ауданында алғаш рет аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті

Жылыой ауданының 90 жылдығына орай аралас жекпе-жектен (MMA) халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялыр қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-27 at 16.51.45

Турнирге Дағыстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қарақалпақстан, Қазақстан елдерінен 24 спортшы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай жарыс аудан деңгейінде тұңғыш рет өткізіліп отыр.

Жылыой ауданы өткен жылдың қорытындысы бойынша, «Ең үздік спорттық аудан» атағын жеңіп алған болатын. Негізінен Жылыой ауданындағы ауылдық округтерде спорт кешендері көптеп салынып, бүгінгі күнде спортпен шұғылданушы жастардың саны күннен-күнге артып келді. Бүгінгі күні Жылыой ауданының 90 жылдығына орай аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтуде. Осындай ірі жарыстарды алдағы уақытта өткізу жоспарлануда. Атап айтсақ, облыс орталығында таэквондодан Азия чемпионатын және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында парадзюдодан Әлем кубогі секілді ірі-ірі жарыстарымыз өтпекші, — дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Тілеуова.

WhatsApp Image 2018-08-27 at 16.51.17

Турнирдің қорытындысы бойынша, 52 кг салмақ дәрежесінде Маңғыстау өңірінің спортшысы Әбутәліп Құрманбаев жеңіс тұғырынан көрінсе, 57 кг салмақ дәрежесінде Қырғызстан елінен келген Заиржан уулу Закиржан жеңіске жетті. Ал 62 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Есен Құрақбаев қарсыласынан басым түссе, 57 кг салмақта Жылыой ауданының спортшысы Нұрболат Байжанов қарсыласынан оза шапты. 66 кг салмақта жерлесіміз Джахар Шапхатов Ресей елінен келген қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Сонымен қатар, осы салмақ дәрежесінде атыраулық Самат Жагпаров жеңске жетсе, 70 кг салмақта Әділбек Қайырғали қарсыласынан басым түсті. Сондай-ақ, 73 кг салмақ дәрежесінде Өзбекстан елінен келген Равшанбек Рахметов қарсыласы қазақстандық Нұршат Әуелбаевты жеңсе, 57 кг салмақта қазақстандық спортшы Фархат Қожантаев кеткен есені қайтарып, жеңіске жетті. 90 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Жасұлан Қасимов Қарақалпақстаннан келген қарсыласын тізе бүктірді. Турнирдің басты кездесуі болған 60 кг салмақ дәрежесінде Жылыой ауданының спортшысы Талғат Жұмағалиев өзінің қарсыласы Дағыстан елінен келген Тимур Алиевты айқын басымдықпен жеңді.

WhatsApp Image 2018-08-27 at 16.51.48

Бүгінгі күні елімізде ММА деген жастардың талпынысы байқалады. Аралас жекпе-жекпен көптеген жастарымыз шұғылданып келеді. Жылыой ауданында өткен бүгінгі жарыс осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта осындай жарыстар көптеп ұйымдастырылады деп есептеймін, — дейді ММА панкратион және грэпплинг федерациясының президенті Сағындық Мекеев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button