ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖҮРЕКЖАРДЫ ТІЛЕГІ
Шараны ашқан аталмыш мекеменің директоры Төлеген Берішбай мерейгерді құттықтап, кәдесыйын табыстап, гүл шоғын ұсынды. Мәдина Ғабдысәлімқызының облыс комсомол жастарының жетекшісі болған кезін еске алып, жалынға толы жастық шағын туған жеріне арнағанын, өлкеміздің алға дамуына қосқан үлесінің бір төбе екенін айтты.
Соңынан ізін басып келе жатырған інілерінің атынан сөз алған журналистика ардагері Айтқали Нұрғалиев та оның алатын орнының айрықша екеніне, осы сый-құрметтің бәріне де адал еңбек арқылы қол жеткізгеніне тоқталды.
Жиында облыстық «Атырау» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Ермек Биғалиев, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, өлкетанушы, жазушы Өтепберген Әлімгереев, «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасының директоры Әбілхан Төлеуішов мерей жас иесін құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.
Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ.