Жарнама
ҚоғамФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖУРНАЛИСТЕР МЕДАЛЬ ТАҚТЫ (+фото)

Биыл еліміздің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметіне – 30 жыл. Осыған орай, аталған құрылымның Атырау облыстық департамент өкілдері шекара қызметі туралы қалам тербеп жүрген журналистерді мерейтойлық медальмен марапаттады.

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің баспасөз клубында өткен салтанатты жиынды аталған серіктестік директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов жүргізіп отырды. Өз кезегінде аталған департаменттің ақпарат бөлімінің офицері, аға лейтенант Өмірбат Айтәлі, департамент офицері, бөлімше бастығы, капитан Нұрберген Ерланұлы және бөлімше бастығының көмекшісі, аға сержант Гаухар Мұратқызы журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Марапатталғандар қатарында әріптестеріміз – «Atyray» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, редактор орынбасары Азамат Базарбаев және «Atr.kz» сайтының редакторы Амандық Сағынтайұлы бар.

img 20220629 wa0073

«Мен үшін бұл медальдің орны бөлек. Өйткені, өзім шекара бөлімінде Отан алдындағы борышымды өтедім. Бұл еліміз енді ғана егемендік алып жатқан қиын кезең болатын. Шекара қызметінің қалай қалыптасқанын жақсы білемін, бәрі де көз алдымда өтті. Сондықтан мұндай мерейлі марапатқа тек өз ісіне адал жандар ғана лайықты деп санаймын. Осы ретте, жаңалықтар жаршысы болып жүрген тілшілердің азды-көпті еңбегін елеп, құрмет көрсетіп жатқан жергілікті шекара қызметіне алғыс білдіремін» деді Азамат Сансызбайұлы. 

Сондай-ақ, «CaspianLife» сайтының журналисі Рахым Қойлыбаев, блогер Әділет Қанатұлы, «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапарова, «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова, «Caspian News» телеарнасының редакторы Нұрбибі Теміртасова, «Атырау» телеарнасының редакторы Нұркен Әмірашев, режиссер Сәуле Еспанова мен оператор Айбек Ғалымов та медаль тақты.  

Өз тілшіміз

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220629 wa0080
img 20220629 wa0078
img 20220629 wa0079
img 20220629 wa0082
img 20220629 wa0081
img 20220629 wa0083
img 20220629 wa0072
img 20220629 wa0075

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button