68453132 877205665995251 7419669004429557760 n

«Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» мекемесіне шағым көп…

Жаңалықтар Шаһар шырайы Қоғам

Atr.kz/22 тамыз, 2019 жыл. Қала әкімі «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» мекемесінің басшысына аптасына бір рет тұрғындарды қабылдауды тапсырды.

Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһар басшысы Алимұхаммед Құттымұрат-ұлы тұрғындардың шағымы көп түсетін ықшам аудандардың бірі Нұрсаяны жаяу аралап тұрғындарымен жүздесті.

Аумақтың коммуналдық жай күйіне жауапты мекеме «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» мекемесінің жұмысының сапасы сын көтермейтініне және қыс мезгілінде жылусыз қалғандарына шағымданған тұрғындар қала әкімімен бірге үйлерінің жертөлелеріне түскен болатын.

69131654 877205609328590 1857028027817394176 n

Қала әкімі ТКШ бөлімінің басшысы Қ. Қасымовқа қыс мезгілінде жылусыз қалған үйлердің жылу жүйлерінің барлығының себептерін анықтап қысқа мерзімде ұсыныс енгізуді және
Нұрсая шағын ауданындағы көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын қолайлы ету бойынша жоба жасақтауды тапсырды.

Сонымен қатар тұрғындар шағымына уақытылы жауап бермеген «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» мекемесінің жұмысын қатаң сынға алған тұрғындардың пікрін тыңдай келе қала әкімі мекеме басшысына аптасына бір рет тұрғындарды қабылдауды тапсырды.

68925883 877206049328546 778376051175718912 o

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған