Жарнама
Қоғам

Жүрек көзін аша  алсақ…

Міне, Жаңа жылдың алғашқы онкүндігі де өтіп барады. Қазақтың жыл санауы бойынша жаңа 2025  жыл – Жылан жылы болып саналады. «Өткен жылға өкпе жоқ, Жаңа жылдан үміт көп» дейтін халықпыз ғой, күнтізбенің әр парағын жақсылықпен ашқымыз келеді. Осы тұста Сюцай және Дао ғылымдарының шебері, коуч-тренер АйсұлуМАХАМБЕТОВАМЕН Жылан жылының ерекшеліктері туралы сұхбаттасқан едік.

– Айсұлу Тельманқызы, әңгіменің әлқиссасын өзіңіз туралымағлұматтан бастайық…

– Мен Жезқазғанда металлург-шахтерлер отбасында дүниеге келдім. Отбасындағы 10 баланың тұңғышы болғандықтан бала күнімнен жауапкершілікті сезініп өстім. Ата-анам адал еңбектің мұратқа жеткізетінін үнемі айтып отырушы еді. Сондықтан тынымсыз еңбек ету өмірімнің маңызды бөлігі болды.

1982 жылы арманның жетегінде ару Алматыға келіп, мұнайшылық оқу оқыдым. III курста болашақ жолдасым Бауыржанмен әңгімеміз жарасып, шаңырақ көтердік. Осылайша, Атыраудағы зиялы отбасының шаңырағына келінболып түстім. Марқұм қайынатам – журналист Құмар Кенжеғалиев «Атырау» («Коммунистік еңбек») газетінде 1978-1987 жылдар аралығында бас редактор қызметін атқарды. Әлі есімде, Атырауға келген ақын-жазушылар әрдайым құтты қонағымыз болатын. Төрімізде  – Әбу Сәрсенбаев, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова және басқа да ұлт зиялыларына құрмет көрсетіліп, төрімізге шығарған болатынбыз.

2bd51323 a242 41a3 b392 8cb35b42b9c8

Қазір өмірлік серігім Бауыржан екеуміз 4 баланы өсіріп-өндірдік. Олардың әрқайсысы тұлға болып қалыптасты. Ұрпағымыз – біздің мақтанышымыз және бақытымыздыңқайнар көзіне айналды.

– Сізді атыраулықтар «Fashion Style» сән үйінің негізінқалаушы, «LTB» және «BLUE» маркасының ресми өкіліретінде біледі. Бизнесвумен Айсұлудың тағы қандай жаңақырлары бар?

– Менің өмірлік ұстанымым – материалдық және руханиәлемнің үйлесімділігі, ақыл-ой мен жүректің балансын қатарұстау. Әрдайым тұлғалық дамуға ден қойып, өз-өзімді жәнеқоршаған ортаны танып-білуге құштармын. Сол мақсатпенСюцай, Дао ғылымдарын, кванттық психологияны оқыпмеңгеріп, «Бай Сана» дамыту орталығында біліміммен бөлісіпотырамын.

Жақында менің есімім «Әлемнің аңызға айналған әйелдері» энциклопедиялық кітабына енгізілді. Сондай-ақ Бауыржанекеуміз бірге саяхаттап, түрлі елдер мен мәдениеттердізерттеуді хоббиге айналдырдық. Әрине, өмір жолымыздақуаныш та, қиындық та болды, біз оларды тәжірибе ретіндеқабылдадық. Бүгін өзімнің 58-ші туған күнімде қол жеткізгенжетістіктеріме ризашылықпен қарауды үйрендім.

Сандар не дейді?

– Енді нумерология тақырыбына ойыссақ. Сюцай ғылым ба, болжам ба?

– Сюцай ғылым. Оның мәні философия болғандықтан, оның тарихы да қазақ тарихымен тығыз байланысты. Ата-бабамыз әрбір санның өз киесі, энергиясы, мәні болатынын біледі емес пе?

Аталған ғылымның негізін қалаушы – Жанат Қожамжаров. Ол Сюцай ілімін 10 жыл зерттеп және оны ғылым ретінде тіркеді. Бұл ғылым адам тағдырын түпкілікті болжамайды. Адамның туған күнін, айын, жылын біліп, оның осы өмірдегі миссиясын зерттейді. Яғни әрбір адам тек қана жан қалауын қалай іске асыратынына жол көрсетеді.

Жалпы адамның туған күніндегі цифрлар – өмірлік миссияға әсер ететін сандар. Ал біз сандарды «біздің САНАмыз» деп атаймыз. Тек әр күннің өзіндік энергиясы бар. Кванттық әлем мен цифрлы психология ғылымы әр күннің энергиясы мен оның әсерін түсіндіреді.

– Жылан жылы жайлы ма? Сандарды сөйлетсеңіз…

– Қазақтар жыланды ерекше киелі деп санаған. Ол ырыздық пен тыныштық әкеледі деп ұққан. Ырыс пен құт шақыратын белгі ретінде қарастырған. Үйге жылан кіріп кетсе оның басына ақ құйып шығарып жіберетіні соның мысалындай.

Ал ғылым бойынша есептеулер Жылан жылының күрделі трансформацияға толы болатынын көрсетіп отыр. Рухани баю мен прогресс қатар жүреді. Өйткені 2025 жылдың саны – 9 (2+0+2+5= 9).  Бұл тоғызыншы энергия – қорытындылау және өзгерістер жылы. Барлық адамның өмірінің шаршатқан, қажытқан тұстары кетеді. Керексіз киім-кешек, адамды алдыға емес, керісінше, төменге қарай тартатын қажетсіз қарым-қатынастың бәрінен құтылу керек. Биыл таразы секілді бәрін теңестіреді.

Жаңа жылда әр адамның өмірінде белгілі бір бетбұрыстар болады. Адамдар айналасын, ортасын ревизия жасағандай «тазартады». Зиянды қарым-қатынастардан бойын аулақ салады. Бұл жыл адамдарға өз өмірлерін қайта қарап, жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік береді.

Жалпы, 9 саны – даналық, оқу-білім, даму энергиясындағы сан. Бұл жылы адамдар білім-дамуға ұмтылады. Көп адамдар өз миссияларын іздейді және оны табады да.

Жылы сөйлесең, жылан інінен шығады

– Демек, адамдарға өзгерістерді қабылдап, жаңа кезеңді нөлден бастауға мүмкіндік туады деген сөз бе…

– Әлбетте, биыл нумерологияға сәйкес вибрациясы жоғары жыл болғалы тұр. 0-ден 9-ға дейінгі барлық сандардың энергиясы шоғырланған «9» саны бізге жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді көрсетуге есік ашады. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керек.

2025 жыл соңғы 9 жылда қол жеткізе алмаған нәрселер ақырындап жүзеге асатын уақыт болады. Ұзақ уақыт күткен маңызды оқиға болуы мүмкін: үйлену тойы, баланың дүниеге келуі немесе өзіңіздің шынайы мақсатыңызды сезіну.

Сандық психология тұрғысынан 2025 жыл – Марс жылы. Бұл – ескі тұлға мен теріс көзқарастар бірте-бірте «өліп», жаңасына жол беретін кезеңнің аяқталуы. Сондай-ақ махаббат пен үйлесімділікке жол ашылады. Мәселен, әйелдердің құндылығы, ерлердің күші және олардың арасындағы үйлесімділік артады. 

Сондай-ақ тағдырлы шешімдер қабылдайтын кезең. 2025 жыл әрбір шешімнен 9 жылдық өмірді анықтайтын маңызды шешімдерді қабылдауды талап етеді. Бұл трансформация, аяқталу және ең бастысы – өзін, басқа адамдарды және өз шындығын қабылдау жылы. Егер адам жүрек көзін ашса, 2025 жыл ояну және бақыт жылы болады.

– Айсұлу Тельманқызы, сұхбатты «Жаңа Жыл жарылқасын» деп түйіндейік. Уақыт бөлгеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button