Жарнама
Қоғам

Жұмысы бардың – ырысы бар

ИСАТАЙ.

  Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 651 адамға кеңес берілген. Аталмыш бағдарламаға қатысуға ниеттілерден 433 өтініш түскен. Олардың көбі жұмыссыздар Бағдарламаның инфрақұрылымды және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бағыты бойынша Жанбай ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Бұл жұмысты қолға алған «ГАММАС –С» ЖШС ауылдың 45 адамына уақытша жұмыс тауып беріп отыр. Жастар тәжірибесіне 4,5 млн. теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 20 адам орталық арқылы толықтай жұмыс орындарымен қамтылған.

  Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысты қолға алуда қиындықтар да жоқ емес. Несие алуда азаматтардың кепілдікке қойылған мүліктер құнының аздығы, бұрын салынған нысандарға тиісті инфрақұрылымның – жол, газ, электр желілерінің тартылмауы салдарынан 60 адам жұмыспен қамтылмай отыр. Бірақ, бұл жағдайды уақытша ғана қиындыққа балайтын кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетуді тоқтатқан жоқ. Мәселен, кәсіпкер Ақынбек Байнешов шағын цех ашып, жиһаз жасауды қолға алған. Ал, бағдарламаның «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» бағыты бойынша 90 млн. теңге қаржы бөлінуде. Бұл қаржының 10 млн. теңгесі жолаушы тасымалымен айналысам деген төрт кәсіпкерге, ал, 21 млн. теңгесі мал шаруашылығын дамытқысы келген тоғыз адамға берілген. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі екі адам бар. Жалпы, ауданда жыл соңына дейін 1642 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазірдің өзінде 533 адамның екі қолына бір күрек табылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button