Жарнама
Қоғам

Жолды жамауға – 750 млн. теңге

Өткен аптада басталған қалаішілік жол жамау жұмыстары апта соңында толық аяқталады. Ал қазір жартылай жамалған жұмыс көлік қозғалысына қолайсыздық келтіріп отыр.

Атырау қалалық ТКШ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары Алмас Жарсенов, шаһардағы маңызы бар көшелердегі жұмыстар аптаның аяғында толық бітетінін айтып отыр.

– Жасаймыз, алдағы 5-6 күнде бітіп қалуы керек. Мысалы, Азаттық көшесі аяқталды, Геолог жақтағы трасса бойы 2 күнде, Махамбет көшесі 3 күн шамасында бітеді, – деді ол.

Жауаптылар көлік тізгіндегендерге жартылай жасалған шұңқыр-тесіктерді айналып өтемін деп, жолақтарды кесіп өтпеуге шақырады. Себебі, сергектен келетін айыппұл әр жүргізушінің жеке жауакершілігінде болмақ.

Айта кетейік, жыл соңына дейін жасалатын қалаішілік жалпы аумағы 50 мың шаршы метрді құрайтын 105 көшедегі жол жамау жұмыстарына 750 млн.теңге қаражат бөлінеді.

Малика Такежанова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button