ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА

Атырау мұнай және газ институтының биылғы бітіруші түлектері дипломдарын алды. Салтанатты жиынды Атырау мұнай және газ институтының ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Дүйсембек Құлжанов ашты. Жоғары оқу орнының басшысы «Биыл институтымызды 1433 студент бітірсе, оның ішінде 43 түлек үздік дипломға қол жеткізіп отыр»,-деді.

Ол алдымен білім додасында институт мәртебесін биікке көтерген студенттер «Геофизика» мамандығының түлегі Орынбасар Исқалиевке, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының түлегі Сержан Шұғайыпов пен «Құрылыс» мамандығының түлегі Райхан Сапарғалиеваға мантия кигізіп, қызыл диплом мен Алғыс хатын табыс етті. Бітіруші жастар да өз кезегінде институт басшылары мен оқытушыларына тілектерін білдірді.

Содан соң институттың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Дина Диарова оқумен қатар түрлі олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда белсенділік таныта білген түлектердің бір тобына ректордың Алғыс хатын табыстады.

Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз