ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР!..
2016 жылға межеленген іс-шаралардың мерзімінде жүзеге асырып, тиянақты орындалуы үшін ел қазынасынан 2 млрд. 667 млн. теңге сомасында қомақты қаражат қаралған. Нақтылай кетсек, бұған Атырау-Орал автожолының 44 және Махамбет-Новобогат жолының 7 шақырымын орташа, Мақат-Доссор аралығындағы 19 км жолды күрделі жөндеумен қамту көзделген. Оған қоса, соңғы аталған жолдың он шақырымын қайта жаңғырту жоспарланған.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе-Атырау-Астрахан бағытындағы автомагистралдың 432 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне орай өткен жылы басталған жобалау-іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасады. Жобаға енгізілген іс-шараларды оңтайлы қадағалап, басқару мақсатында бұл жолды 10 бөлікке бөлу ойластырылған.
Дәулетқали АРУЕВ.