Қоғам

ЖИЫРМА БЕС КӨШЕГЕ ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ!..

 

Ауыл басшысы қол жеткен жетістіктерді айта келе, шешімін күткен мәселелерді де қозғады.

Ауылдық округте атқарылған жұмыстарды оң бағалаған шаһар басшысы Нұрлыбек Ожаев білім сапасын жақсартуды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, қылмыстық жайттардың алдыңғы жылмен салыстырғанда көбейіп отырғандығына алаңдаушылық білдірді.

Округ  тұрғындары жиын барысында біраз қордаланған мәселелерді көтерді. Соның ішінде, көбін толғандырған – жол мәселесі.

Ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мусин ауылда мәдениет үйін салу жөніндегі ауыл ақсақалдарының сұранысы облыс басшылығы тарапынан қолдау тауып жатқанына ризашылығын білдіріп, «Көктем ықшамауданынан балаларды мектепке таситын көлік мәселесі шешілсе» деген тілегін жеткізді. Жұлдыз-3 ықшамауданының тұрғыны Әбдіхан Бисенғалиев пайдалануға беріліп жатқан нысандарға мамандарды жергілікті жерден алуды сұрады. Томарлы ауылының тұрғыны Шегебай Отаров №59 маршрутқа аялдама салу, Бесікті ауылының тұрғыны Венера Өтегенова Бесікті, Көктем, Жұлдыз ықшамаудандарынан берілген жерлерге инфрақұрылымдық жүйелер жүргізу, стадион салу және көше жарықтарын орнату мәселелерін көтерді.

— Томарлы елді мекенінде су желісінің құрылысы жалғасып жатыр, биыл қыркүйек айында іске қосылады. Сонымен қатар, Талғайраң-2 елді мекенінде суы жоқ жаңа учаскелерге құбыр желісінің құрылысы биыл басталып, қазан айында пайдалануға берілуі тиіс. Биыл қаржының басым бөлігін жол құрылысына салуды көздеп отырмыз. Жалпы алғанда, округте 25 көше асфальтталғалы тұр. Ал, Жұлдызда мектеп құрылысы сәуірде басталады, — деді аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы. Ол  оқушыларды тасымалдайтын көлікпен қамтамасыз ету, тазалық мәселелерін шешуді, аялдама салуды жауапты тұлғаларға тапсырды. Сонымен қатар, музыкалық мектепке көлік алып беретінін және Батыс Қазақстан облысынан қар тазалауға, көше сыпыруға, көгал суаруға, қоқыс шығаруға, өрт сөндіруге икемделіп шығарылып жатқан көлікті сыйға тартатынын жеткізді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button