ЖЕР ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

оны пайдаланудың нақты жүйесін жасау – заман талабы

1. Елбасының «Ұлт жоспары –100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты 5 институционалдық реформасы туралы пікіріңіз.

2. Еліміздің дамуының нақты да басты құжатын толықтай іске асыру – барша қазақстандық үшін үлкен сын. Осы орайда, өзіңіз басқарып отырған басқарманың қызметі жөнінде айта кетсеңіз.

3. Облыс бойынша жерге түгендеу жұмыстарын жүргізу барысы, жер иелерінің өз учаскелерін уақытында игеру мәселесі төңірегінде не айтасыз?

4. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстар арқылы беру қолға алынған. Бұдан не ұтамыз?

 

Бүгінгі төрт ауыз толғамның қонағы – облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Арман БАЖЕНОВ.

1. Бұл реформа – елімізді әлемнің дамыған озық отыздығының қатарына қосу мақсатында қабылданған құжат. Елбасы айтқандай, «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ел мүддесіне арналған аса құнды жоспар. Елбасы алдағы Қазақстанның даму жолын бес реформамен, сол реформалар аясында жүзеге асатын 100 қадаммен байланыстырды. Сонымен қатар, «100 нақты қадам» елімізге «2050 – стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беріп отыр. 

2.Қоғам өміріндегі жер қорының бағасын беру – аса күрделі мәселелердің бірі. «Жер тағ­дыры – ел тағдыры» деген сөзде үлкен астар бар. Сондықтан да, еге­менді еліміздің ұстанған саясаты­ның басты бағыты – қолданыстағы жер ресурстарын сақтау және дамыту болып отыр.

Біз жердің қадірін білетін халықпыз. Бүгінде жер пайдаланудың қазіргі заманғы жүйесін жасау, жерге меншік құқығын бекіту және осы құқықты нақты қамтамасыз ету – жер нарығын дамытудың басты бағыты саналады.Сол себепті, Елбасы үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадамында» жер мәселесіне де ерекше мән берді.

Ол ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, оларға тұрақты түрде мониторинг жүргізу, барлық пайдаланылмай жатқан жерлерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру қажеттігін көрсетті. Жерлерді толық және сапалы пайдалануға мемлекет бірінші кезекте мүдделі.

3. Жалпы жерге түгендеу жұмыстарын жүргізу барысы, жер иелеріне өз учаскелерін уақытында игеру мәселесіне жаңа қарқын беріп, жергілікті жерлерді берілген жер учаскелерін толық игеруде үлкен қозғалыс туғызғанын атап өтуіміз қажет.

Облыс бойынша деректерге көз салсақ, түгендеу қорытындыларына сәйкес 682,7 мың га жер учаскелерінің игерілмей отырғандығы анықталды. Бұл ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер көлемінің 30 пайызын құрайды.

Осы пайдаланылмай отырған жер көлемінен 527,0 мың га жер учаскесі немесе 77 пайызымемлекет меншігіне қайтарылды. 103,4 мың гектар жер учаскелерінің меншік иелері ескертулерден кейін өздеріне қарасты жер көлемін игере бастады. Сонымен қатар, қайтарылған жерлер есебінен 131,6 мың гектары қайта айналымға қосылып отыр.

Сонымен қатар, жер учаскелерінің нысаналы пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдетуді, осы процестерді жүзеге асыру үшін Жер кодексіне және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажеттігін атап көрсетті.Мұның бәрі жерге деген жаңа көзқараспен қарауды талап етеді.

Ауылшаруа­шылық өнімдерін мол өндіру үшін ең қажеттісі  құнарлы жер болып табылады. Ауылшаруа­шы­лық да­қыл­дарын өндіру технологиясын, ветеринарлық нормативтерді ескермеу алқаптардың сапалық қа­сие­тін төмендетеді. Ауылшаруашылық жерлер – бұл мем­лекеттің стратегия­лық қоры, сондықтан ол ауылша­руа­шылық өндіріс мақса­тында пайдаланылуы қажет. Яғни, жерге деген бір күндік көзқарасты жою, оны асыраушы ретінде қабылдау қажеттігін әрбір жер пайдаланушыға жеткізуіміз қажет.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларында көрсетілген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға жерді жақсарту жөніндегі агрохимиялық іс-шараларды, ауыспалы егісте ауыл шаруашылығы дақылдарын кезектестірудің белгіленген кестесін сақтау, жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу, малдарын жаюдың жайылым алаңының бір бөлігіне арналған жүктеме нормативтерін сақтауды міндеттеуіміз және міндеттердің орындалысын қадағалауымыз қажет.

Кейбір шаруашылық басшыларының берілген жер те­лім­дерін қалай пайдалануды, қалай және қандай мөлшерде тыңайтуды біл­мей­тіндігі жанға батады.

Жер ресурстарын дұрыс пайдалану ғана біздің мемлекетіміздің экономикалық әлеуе­тін арттыруға және болашақ ұрпақ­тың амандығын жоға­рылатуға мүм­кін­дік береді.

4. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстар арқылы беруді қолға алып отырмыз. Жер учаскелерін конкурстар арқылы беру ашық мүмкіншілік пен бірдей кепілдік беретін болғандықтан, осы жер учаскелерін беру тәсілі айқын және әділ болып табылады.

Конкурс жеңімпазын анықтау кезінде оның жерді қорғау мен ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстары, топырақтың құнарлығын арттыру бойынша шаралардың қабылдауы және жерді пайдалануға озық агротехнологияларды енгізу бойынша ұсыныстары сияқты негізгі талаптарына аса мән беріледі.

Сонымен қатар, «100 нақты қадам» жоспарында жер учаскелерінің нысаналы пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдетуді, осы процестерді жүзеге асыру үшін Жер кодексіне және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажеттігін атап көрсетті.

Жер ресурстарын дұрыс пайдалану ғана біздің мемлекетіміздің экономикалық әлеуе­тін арттыруға және болашақ ұрпақ­тың амандығын жоғарылатуға мүм­кін­дік береді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сауда-саттықтар (аукцион, конкурс) арқылы беруді міндеттеу, берілген жер учаскесінің пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жолдарын жеңілдетуді көздейді.

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімдерін жеңілдету бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1 бабында көрсетілген жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібінен комиссия қорытындысын алып тастауды және жер қатынастары жөніндегі  шешімнің уәкілетті органдардың бұйрығымен бекітілуін ұсынды.

Қорыта келгенде айтарым, Жер – біздің негізгі байлығымыз, оны бүкіл халықтың мүддесі үшін пайдалану – баршаның қасиетті міндеті. 

Ағиба ҚАТЕШОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз