Жарнама
Қоғам

Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек?

Облыс бойынша сейсмикалық жаттығу аясында дабыл сигналы қосылды. Барлық деңгейдегі білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде және басқа да мекемелерде оқу-жаттығулар өткізіліп, төтенше жағдай кезінде адамдарды эвакуациялау, қауіпсіз жерге шығару жұмыстары мен жер сілкінісіне дайындық деңгейі пысықталды. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда ғимараттағы қауіпсіз орындарды белгілеу маңызды.

– «Сақтансаң сақтайды» дегендей, мұндай оқу-жаттығу төтенше жағдай кезінде қандай әрекет жасау керектігін үйретеді. Бұдан бұрын барлық мекеме мен білім беру орындарында жер сілкінген жағдайда қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары туралы нұсқаулықтар түсіндірілді. Ал, бүгінгі жаттығу кезінде дабыл сиренасы қосылып, эвакуациялау орындарына жету жолдары пысықталды. Сейсмикалық сынақтарды жүргізу кезінде негізінен білім беру, денсаулық сақтау нысандарын және мемлекеттік мекемелердің дайындығына мән береміз. Өйткені, қауіптің алдын алу үшін төтенше жағдай кезінде жасалатын шұғыл әрекеттерді кез-келген қызметкер білуі керек, — деген ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Бахыт Абланов оқу-жаттығу тоқсан сайын өтетінін айтты.

Нұсқаулыққа сәйкес тұрғындар апаттық сөмкелерді дайындап, эвакуациялау жолдарын зерделеп алуы керек. Зілзала кезінде көпқабатты үйдің 1-2 қатардағы тұрғындары сыртқа шығарылса, одан жоғары тұратын тұрғындар ғимараттағы ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұру керек. Кереуеттің немесе үстелдің астына тығылуға кеңес береді. Ал, терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрған жөн.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button