Жарнама
Қоғам

«Жер-2025» РКШОЖ практикалық бөлімі өтті

Бүгін «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған бірқатар практикалық іс-шаралар пысықталды.
Атырау қаласы Элеватор маңындағы автокөлік айналмалы жолы бойындағы көпір маңында штаб, тұрғындарды тіркеу пункттері, уақытша орналастыру лагері, далалық госпиталь, асхана, дала асханасы, ауыз су, әжетхана, жуыну орындары құрылды.

Шартты түрде жойқын жер сілкінісінің пайда болғаны туралы хабарлама түскен бойда, жедел штаб құрылып, құтқарушылар шұғыл түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріседі.

•​Құтқарушылар L-410 тікұшағы арқылы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге бағытталды.

  • Үйінді астында қалып қойған адамдар құтқарылды
    Үйінді астында қалып қойған адамдарды ТЖД кинологиялық есептоптары іздеп тауып, құтқарушылар арнайы холматро инструменттері арқылы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен адамдарды жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

•​Уақытша орналастыру пункттері құрылды
Басқа облыстан поезд арқылы жеткізілген баспанасыз қалған азаматтарды қабылдау және орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Тұрғындарға қажетті азық-түлік, ауыз су, медициналық көмек және психологиялық қолдау көрсетілді.

whatsapp image 2025 07 24 at 15.43.16

•​Инженерлік техникалар жөнелтілді
Оқу-жаттығу шеңберінде арнайы инженерлік техникалармен жұмыс істеу, оларды тасымалдау және апат аймағында тиімді пайдалану жолдары егжей-тегжейлі қарастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өзге облыстарға инженерелік техникалар (вахтовка, КШМ, Камаз, самосвал, реаномобиль) жөнелтілді.

Оқу-жаттығудың қала аумағындағы практикалық бөліміне барлығы 280 адам, 29 бірлік техника, 15 азаматтық қорғау қызметтері қатысты. Облыс бойынша жалпы саны 852 адам, 213 бірлік техника қатысты.

Оқу-жаттығу аясында халықты төтенше жағдай кезінде қауіпсіз орналастыру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша әрекеттер пысықталып, нақты тәжірибе жинақталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button