Қоғам
Жемқорлықпен күрес – басты назарда
Республикалық «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиында өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған іс-шаралардың барысы мен берілген тапсырмалардың орындалу жайы әңгіме арқауына айналды. Осы тұрғыда қабылданған партияның «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқандығына айрықша назар аударылды.
Бұдан бөлек басқосуда агроөндірісті өркендетуге тосқауыл болып отырған, шұғыл шешімін күткен өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Дәулетқали АРУЕВ
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ