Қоғам
Жекпе-жек шеберлері жүлдемен оралды
Елордамыз Астана қаласында ММА аралас жекпе-жегінен ересектер арасындағы «Astana Open» турнирі өтті. Еліміздегі қоян-қолтық күресінің ең мықты шеберлері бас қосқан үлкен додада Атырау облысының құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Осыған дейін әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанып үлгерген Олжас Молдағалиев пен ірі турнирлерде топ жарып жүрген Ақылбек Ғарифуллин осы турнир барысында барлық қарсыластарын жеңіп алтын медаль иегерлері атанса, ақтық бәсекеге дейін әдемі әдістерімен көзге түскен Абылай Көргенов бұл жолы күміспен күптелді. Ал, Джахар Шапхатов пен Аманбек Бекмұратұлы жүлдегерлер тұғырынан көрініп, қола медаль иегерлері атанды.
Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ