Жарнама
Қоғам

Жеке куәлік, вакцинация паспорты мен басқалары – енді электронды нұсқада!

Halyk Bank цифрлы сервистерді одан ары дамытудыжалғастыруда. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қолдауымен жаңа қызметті іске қосты: Банктің клиенттері Halyk Homebankқосымшасында өзінің цифрлы құжаттарын тұрақты түрде қолдана алады.

“Цифрлы құжаттарды” бүгінгі таңда шамамен 10 млн қазақстандық қолдануда. Бұл өте ыңғайлы әрі өзіңізбен бірге құжаттың түпнұсқасын алып жүрудің қажет жоқ. Атаулы қызметті пайдалану бұрыннан да ыңғайлы болу үшін біз бұл сервисті қазақстандық танымал платформаларға шығарамыз, бірақ бұл функционал тек азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады” – деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

9140374D 921B 4748 B82F 7D23C8709656

“Бұл қызмет түрі әлемде баламасы жоқ бірегей формат. Клиенттер үшін Halyk Homebank қосымшасында цифрлы құжаттар 24/7 режимде қолжетімді болады және оларды мемлекеттік, банктік және басқа қызметтерді алу кезіндепайдалана алады“, – деп атап өтті Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Мысалы, Қазақстанның барлық әуежайларында ішкі рейске билет алу және ұшаққа отыру, “Қазақстан темір жолы” АҚ теміржол вокзалдарында вагонға отырғызу кезінде, ХҚКО, банкке барғанда және нотариустарда қызмет алу кезінде осы цифрлы құжаттарды Halyk Homebank арқылы көрсетіп емін-еркін қызметті қолдануға болады.

Жаңа сервисті пайдаланудың маңызды шарты мемлекеттік дерекқорларда цифрландырылған мәліметтер болуы керек. Halyk Homebank қосымшасының клиенті келіскен жағдайда цифрлы құжатты сұраған тарапқа QR-кодты немесе цифрлы құжаттың қысқа кодын көрсеткеніңіз жеткілікті.

Айта кету керек, құжаттар тікелей egov.kz мемлекеттік қызметтер порталынан жүктеледі және Halyk Bankклиенттері өздерінің дербес деректерінің қорғалғанына сенімді бола алады. Цифрлы құжаттар иесінің келісімінсіз бұл қызметті қолдану мүмкін емес.

Halyk Homebank қосымшасындағы цифрлы құжаттарды қарау үшін басты беттегі “Мемлекеттік қызметтер” бөлімінде “Менің құжаттарым” тармағын таңдап, одан арыSMS арқылы жеке дербес деректерді қолдануға келісім беру қажет. Сұраған тарапқа QR-кодты немесе цифрлы құжаттың қысқа кодын көрсеткеніңіз жеткілікті. Қысқа код арқылыбанк қызметтерін, яғни Halyk Bank бөлімшелерінде пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта Halyk Homebank қосымшасында цифрлы құжаттардың 18 түрі бар, олардың ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР-тест, туу туралы куәлік, әлеуметтік куәлік бар. Жақын арада цифрландырылған диплом ұсыну мүмкіндігі пайда болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button