Жауырыны жерге тимеген
атақты палуан Бағытжан Рахбиев – Атыраудың мақтанышы
Әуелде Бағытжан Рахбиев Атырау әлеміне палуан ретінде кеңінен танымал болды. Оған дейін олда барша жұмыр басты пенделер тәрізді балалық, жігіттік дәурендерді басынан өткізді. Мектепте оқып жүргенінде оқушылар арасындағы спартакиадада Батыс Қазақстан өлкесі бойынша найза лақтырудан үшінші жүлдегер, футболдан аудан чемпионы атанды. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының орта тұсында кең Жылыойдың қолтығынан шыққан ол облыс орталығына келіп педагогикалық институттың тарих факультетіне оқуға түсті. Ал памсадай ірі денелі, бойлы жігіт бозкілем мамандарының назарларын өзі не бұрғызбай қоймады. Бірақ, Бағытжан бастапқыда оған қайырылмай, бұрынғысынша футболға, найзалақтыруға, жеңіл атлетиканың басқа да түрлеріне қатысуды артықсанады.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.