Жарнама
Қоғам

«ЖАСТЫҒЫН ЖАЛЫН ШАРПЫҒАН…»

Кездесу кешін ашқан колледждің  жастар комитеті бірлестігінің жетекшісі Фариза Санаева бұл күн – батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншіліктің, адалдықтың өлшемі, ал ардагерлер болашақ ұрпақ үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылар үшін жарқын үлгі болып қала беретінін жеткізді. Ауған соғысы ардагерлері өзге елде жүргенде ұрыс даласында өздерінің бастарынан өткен қиын да, қызықты оқиғаларын еске түсірді. Кездесу кешіне келгендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды. Келешек ұрпаққа тыныш та, бейбіт заман тіледі. 

Колледж ұжымының атынан директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Нұржанұлы ардагер ағаларымызға арнап шағын сый-сияпат көрсетті. Ал, кітапхана ұжымы ардагерлер назарына «Жастығын  жалын  шарпыған» атты слайд пен Кеңес әскерлерінің «Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл» толуына орай бейнефильм ұсынып, «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Колледж  студенттері шағын концерт қойып, дене тәрбиесі мұғалімі Ю.Пупыкиннің ұйымдастыруымен мылтық атудан мергендер  сайысы өтті. 

Сәния НЫҒМАТУЛЛИНА,

Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің кітапханашысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button