Жарнама
Қоғам

Жастар тазалық акциясын бастады

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жеті жарғы» қоғамдық қоры «Таза қала — таза жағалау» акциясын ұйымдастырды.

Акция қатысушылары — “Жасыл ел” жастар еңбек жасағы.

Жайық жағасын қоқыстан тазарту шарасына “KazTransOil” және “Атырау-жарық” АҚ мекемесінің қызметкерлері жастармен бірігіп қаланы тазарту жұмыстарына қатысты.

Тазарту жұмыстары қаланың өзге де жерлерінде жүргізілуде.

Еңбек етіп жүрген жастардың бірі — Саламат Мұқашев атындағы политехникалық колледж студенті Жазира Бегеш бізбен әңгімесінде: “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” дегендей, өз қаламның көркеюіне үлесімді қосып, еңбекақымды алып отырмын. Оған қоса жазғы маусымда уақытым тиімді өтуде»-деп ризашылығын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button