Жастар — мемлекеттің бүгіні
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының “Ассамблея жастары” РҚБ мүшелерінің ұйымдастыруымен “Жаңа белестегі жастар” атты форумы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың бір-бірімен танысып, білім мен тәжірибе алмасу, болашақ серіктестерімен іскерлік келіссөздер жүргізуге мүмкіндік мақсатын көздейді.
-Бүгінгі шара — еліміздің болашағы саналатын сіздердің дауыстарыңызды есту, ойларыңызды ортаға салу, жаңа мүмкіндіктерді қарастыру үшін маңызды алаң. Жастардың белсенділігі , ізденісі мен жаңашыл көзқарасы қоғамымызды алға жылжытатынына кәміл сенемін. Бұл форумда сіздер құнды тәжірибелермен алмасып, жаңа идеялар ұсынатындарыңызға және оның орындалатыны анық, — деп атап өтті “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшысы Ләззат Жылқышиева.
Форумда “Ассамблея жастары” РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев бірлестіктің атқарған жұмыстарына тоқталды. “Азаматтық орталық” КММ-нің қызметкері Ақбөбек Тәттібекқызы, облыстық жастар мәслихатының депутаты Жанболат Ізімғұтовтар “Жастар еліміздің бүгіні мен ертеңі”, “Волонтерлік бағыттың негіздері” тақырыптарында әңгіме өрбітті.
Рита ӨТЕУҒАЛИ