Жарнама
Қоғам

Жасанды интеллект – дамудың жаңа бағыты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды міндеттер қойылды. Әсіресе, Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу жөніндегі тапсырмасы – уақыт талабына сай, болашақтың дәйекті қадамы деп қабылдаймыз.

Жасанды интеллект – тек цифрлық жүйелерді жетілдіру құралы ғана емес, ол – экономиканың әр саласын жеделдетіп, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін әмбебап ресурс. Білім беру мен денсаулық сақтау, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, қоғамдық қауіпсіздік пен көлік-логистика – барлығы да интеллектуалды технологиялардың игілігін көруге тиіс. Президентіміздің бұл бастамасы елімізді жаңа инновациялық өркениетке жетелейтін шешуші баспалдақ екені анық.

Атырау облысы – мұнай-газ өнеркәсібімен қатар, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, көлік-логистика салалары қатар дамып келе жатқан өңір. Осы салалардың барлығына жасанды интеллектіні енгізу – өндіріс тиімділігін арттырып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздік пен еңбек өнімділігін жаңа деңгейге шығарады. Мәселен, мұнай саласында цифрлық модельдер өндірістегі тәуекелдерді азайтып, табиғатқа түсетін салмақты жеңілдетеді. Ал ауыл шаруашылығында климаттық болжам мен су ресурстарын басқаруды жеңілдетіп, фермерлердің еңбегін тиімді етпек.

Аманат партиясының Атырау облыстық филиалы Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні жедел енгізу жөніндегі ұсынысын толық қолдайды. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін мемлекет пен қоғам, ғылым мен бизнес, жастар мен мамандар жұмыла әрекет етуі қажет. Өйткені жаңа технология – тек даму құралы ғана емес, ол елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын стратегиялық күш.

Жаннұр ЖАУЛИНА,

“AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалының баспасөзбен қызмет бөлімінің меңгерушісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button