Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА ЖАС ЖІГІТ АБАЙСЫЗДА АЖАЛ ҚҰШТЫ

Суға түсуге рұқсат етілмеген жерде суға шомылған жігіт батып кетті.

2022 жылғы 2 тамызда 15:05 сағатта байланыс бекетіне Атырау облысы Махамбет ауданы, Таңдай селосы Бақсай каналына суға түсуге рұқсат етілмеген жерде суға шомылу кезінде 1996 ж.т. азамат А.Ф. батып кеткені туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына Атырау қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы шықты.

Сағ 19:10 жергілікті тұрғындардың күшімен азамат А.Ф. денесі табылып, судан шығарылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 5 сүңгуір-құтқарушысы және 1 бірлік үрмелі қайық, 1 бірлік техникасы, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері 1 бірлік техникасы, жергілікті тұрғындар (2адам) жұмылдырылды.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

1. рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылмаңыз

2. қатты ағысы бар жерлерде шомылмауға тырысыңыз

3. бейтаныс жерлерде сүңгімеңіз

4. кішкентай балаларға үлкендердің қарауынсыз суға шомылуға рұқсат етпеңіздер!

5. мас күйінде суға түспеңіздер!

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button