Жарнама
Қоғам

Жас ұландар әскери ант қабылдауға әзір

Отан алдындағы әскери борышын өтеуге кіріскен сарбаздар үшін аса маңызды сәт — әскери ант қабылдау рәсімі таяп келеді. Қазір Ұлттық ұланның Атырау қаласындағы 5546 әскери бөліміне осыдан екі апта бұрын қабылданған жас жауынгерлер 26 шілдеде өтетін салтанатты шараға дайындықты қызу жүргізіп жатыр.

Сарбаздар саптық машықтарын пысықтап, жауынгерлік тәртіпке бейімделуде. Олар үшін бұл тек салтанатты рәсім ғана емес, нағыз әскери өмірдің бастауы саналады.

Қатардағы жауынгер Сұлтанбек Бердалиев — сол жас ұландардың бірі. Ол Орал қаласынан шақырылған. Айтуынша, ант беру рәсіміне ата-анасы мен жақын туыстары арнайы келеді.

1926f9f6 69ba 40f5 9c8d fb7cadab0e06

— Әскери ант — біздің болашақ жауынгерлік жолымыздың бастауы. Бұл күні біз өзіміздің саптағы тәртіптілігіміз бен дайындық деңгейіміз арқылы Отан қорғаушылардың лайықты ұрпағы екенімізді көрсетуіміз қажет, — дейді жас сарбаз.

Биыл 5546 әскери бөлімінде 200-ден астам жас сарбаздың ант қабылдауы жоспарланған. Бұл — олардың әскери қызметке ресми түрде аяқ басуын білдіреді. Сонымен қатар, бұл күн әрбір жауынгердің жүрегінде адалдық пен ерліктің символы ретінде сақталмақ.

ҚР Ұлттық ұланы
“Батыс” өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button