«ZHAS PROJECT»: өтініш қабылдау наурызда басталады

zhasproekt Қоғам

25 наурыздан бастап «ZHAS PROJECT» жобасына өтініштерді қабылдау басталады.

Биыл 25 наурыздан 25 сәуір аралығында «ZHAS PROJECT» жобасына өтінімдер қабылдау басталады. Жобасының мақсаты – жастардың өмірлік дағдыларын арттыруды дамыту. Бұл туралы «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, жоба жетекшісі Зульфия Кубеева мен Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Айдар Жален баспасөз брифингінде мәлім етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. «Zhas Project» – әлеуметтік жобаларды қаржыландыру арқылы халықтың осал топтарын, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей бастама.

– 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтардың проблемаларын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде сомасы 1 млн теңгеге дейінгі шағын гранттар беру көзделген. Жобаға қатысушылар бірнеше критериге сай болуы керек. Біріншіден, олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және жасы 18 бен 35 жас аралығында болуы шарт, – деді А.Жален.

Атырау облысы бойынша тек 8 адам ғана грантты ұтып ала алады. Сонымен қатар заңға қайшы кәсіп немесе сауда-саттыққа байланысты кәсіп болса, жобаға қатыса алмайды.

– Жобаның мақсаты NEET санатындағыларға жағдай жасауға және жастар бастамаларын қолдауға бағытталған. Мұндағы қойылатын талап еш жерде жұмыс жасамауы тиіс, сонымен қатар ешқайда оқымаған 35 жасқа дейінгі азамат болуы керек. Өтініштерді онлайн түрде 25 наурыздан бастап 25 сәуірге дейін қабылдаймыз. Облыс бойынша жобаны ұйымдастырушы «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту асоссациясы. Жоба туралы барлық ақпаратты www.zhas-project.kz сайтынан ала аласыздар. Сондай-ақ өтінім беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге немесе жастардың осал топтарын қолдауға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар өтініш беруші жобаны төрт айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс, – деді З.Кубеева.

Еске салайық, жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді немесе тауарлар сатуды көздейтін коммерциялық қызметке, сондай-ақ ұсақ жөндеуді қоспағанда, құрылыс жұмыстарының қандай да бір түрлерін немесе ғимараттарды, үй-жайларды, оның ішінде стадиондарды, жылыжай кешендерін реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды көздейтін жобаларға қолдау көрсетілмейді.

Айта кетейік, 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында өтінімдер толығымен қаралып болғасын, 15 мамыр күні жеңімпаздардың тізімі жарияланатын болады.

AtyrauPress

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз