Жарымкөңілдерге – жан жылуы

  «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа – 25 игі іс» тақырыбында «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Қаладан – ауылға» акциясын өткізді.

   «Бақытты балалық шақ» жобасы аясындағы бұл шара барысында «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлбаршын Нұржігітова бала жастан мүмкіндігі шектеулі Жаннұр Ғарифоллаеваға мүгедек арбасын сыйға тартты. Тағдыр тауқыметімен күресіп жатқан балалары бар отбасыларға тегін киім-кешек, ойыншықтар үлестірілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз