Қоғам

«Жарық жұлдыздың» жеңімпазы

  Астанадағы «Қазмедиа» орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің халықаралық «Жастар әлемі» қоры ұйымдастырған «Жарық жұлдыз» атты халықаралық телевизиялық байқауында Индербор кентіндегі «Борат» мәдениет үйінің әншісі Мұратбек Жұмашевтың жолы болды. Талғамы биік Астана жұрты мен байқау қазылары қазақтың халық әні «Екі жиренді» асқақтата орындаған Мұратбектің өнеріне ықыласпен қол соғып, құрмет көрсетті. Әнді орындау шеберлігінен әділқазылардың жоғары бағасын алған жерлесіміз халықаралық телебайқаудың бас жүлдесін қанжығалады. Ендеше, жұлдызың жарқырай жансын, Мұратбек!

Дайындаған: Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button