Жарнама
Қоғам

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жәрмеңке өтті.

Гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану, техникалық ғылымдар, құқық, өнер, экономика және бизнес, технология бағыттары бойынша  бітірушілер өздері туралы мәлімет беріп, жұмыс берушілермен танысты. Жәрмеңкеге негізінен 120-дан астам кәсіпорын шақырылыпты.  Оның жартысы ғана жас мамандарға қажеттілік білдірді.

Айта кетейік,  2015-2016 оқу жылында университетті бітіретін түлек саны – 1684. Оқу орны өңірдегі  350  мекемемен ынтымақтастық туралы үшжақты келісім-шарт жасасқан. Нәтижесінде, оқу жылы бойына алты мың студент тәжірибеден өтуге мүмкіндік алған.  Олардың 85 пайызы негізгі жұмыс берушілер болып табылады.

Жәрмеңке барысында көп-теген жас маман жұмысқа орналасуына мүмкіндік алды. Кәсіпорыннан келген өкілдер бітірушілердің кәсіби-психологиялық дайындығын  тексеріп, олардың моральдық және әлеуметтік қабілетімен жете танысты.

Нұргүл НАСЫР.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button