Жарнама
Қоғам

«ЖАНЫМЫЗБЕН ЕСТИМІЗ, ЖҮРЕГІМІЗБЕН СӨЙЛЕЙМІЗ…»

 

Ыммен сөйлеу тілінде флеш-моб көрсетілімімен ашылған шарада есту қабілеті бұзылған балалар мың бұрала биледі.  Ал, Зүлфия Тәжекенованың ыммен орындауындағы «Мама» әні жанарларға жас үйірсе, Жанатбек Әбілтаевтың «Алға, Қазақстан!» әні мен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Ғалия Лұқпанованың жыр-шашуы жабырқау жандарды жігерлендіргендей болды.

Сондай-ақ, бұл кеште филармония әртістері де аянып қалмады. Скрипкашы Нұрсұлтан Медетов, балақай әнші Алтынай Төлеген, биші Қарагөз Мұрат, саксафоншы Рафаэль Сәрсенов, Данагүл Зұлхановалар көп көңілінен шыға білді.

Шараның басты мақсаты көмекке зәру төрт балаға есту аппаратын алу үшін қаржы жинау болатын. Бұл кеште барлығы жүз  алты мың теңге жиналды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Сурет автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button