Жарнама
Қоғам

Жаңа нысандар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы ма?

Атырауда жаңадан бой көтерген нысандардың 49-ы мүгедектердің жүріп-тұруына толық бейімделген.

Бұған Атырау қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі ықпал етіп отыр. Жаңа құрылыс нысандарының иелері мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан құрылысы аяқталған нысанды  қабылдап аларда кәсіпкерлер ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі 235 бұйрығымен бекітілген сәйкестік туралы декларация негізінде бөлімнен келісім алуы тиіс. Бұл бағытта әлеуметтік сала мамандары сәулет және қала құрылыс бөлімімен бірлесіп жұмыс атқаруда. Биыл мүгедек жандар үшін инфрақұрылым қолжетімділігін қамтамасыз еткен 49 нысан иесіне ғана рұқсат құжаттары рәсімделді.  

Бұдан бөлек, қалалық бөлімдермен қазір қолданыстағы 800-дей нысанның мүгедектігі бар жандарға қолайлылығы зерделенді. Әрі қарай бейімдеу шарасын алу мақсатында тиісті органдарға хат жолданып, бақылауға алынды.

Қазір Атырау қаласында 12 235 мүгедек жан тіркелген, оның  600-дейі  кресло-арбамен қозғалатындар. Мүгедектігі бар жандар өздерінің жұмыс күнін жоспарлағанда «INVA.gov.kz» сайтын пайдаланып, нысандардың  қолжетімдігін анықтай алады.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button