Қоғам
ЖАН ӘКЕ, ШЕРТІП СЕЗІМ ДОМБЫРАСЫН…
Ұзақ жылдарғы ерен еңбегі лайықты бағаланып, оған жуырда «Исатай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Осы қуаныш үстінде ойыма мына бір шумақтар орала берген еді:
Туа біткен қайсарлық, тура мінез өзіңде,
Сонда-дағы мейірім, шуақ тұрар көзіңде.
Бейнетіңнің зейнетін көрер шағың көп болсын,
Адалдық пен ізгілік – қайталанар сөзіңде.
Елге айтқан сөзіңде тұрар дәйім ықылас,
Ел баласы — өз балаң, тәрбиеледің бұрып бас.
Болашағын болжаумен, ерінбедің жазуға
Іргелерін бекітті, ойыңды ұға білген жас.
Абыройың асқақтап, өмірің ұзақ болсыншы,
Артыңдағы ұрпағың шөбереңмен толсыншы.
Анамызбен өткізген ғасырдан астам ғұмырың
Кейінгіге лайым өнеге болып тұрсыншы!..
Рафиғат ТӘЖИДЕНОВА,
Исатай ауданы.