Жас сарбаз атылып өлді…

9817540474703665 Қоғам

Алматы қаласындағы №3650 әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істеп жүрген 21 жастағы жауынгер Абылай Сабыров міндетін атқарып жүргенде қаза болған.

Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық гвардиясының «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп Тengrinews.kz хабарлады.

Ресми ақпаратқа қарағанда 22 тамызда шамамен 15 сағат 15 минутта жауынгер өзіне берілген Макаров тапаншасымен өзін атып алып, жараланған. Жарақат салдарынан қайтыс болған.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізетіні хабарланған.

Жауынгердің бейбіт күнде қаза болғаны кейінгі айларда алғаш рет емес. 20 тамызда Жамбыл облысындағы шекара заставасында жауынгердің денесі табылып, өз-өзіне қол салған деген ақпарат тараған.

17 тамызда Атырау облысындағы мемлекетік шекараны учаскелерінің бірінде жауынгер Нұрбек Ерғалиев өлген.

Шілденің соңында екі облыста ұлттық гвардияның екі жауынгерінің асылып тұрғаны белгілі болған. Осы хабар тараған соң-ақ Ақмола облысының Шортанды қаласынлағы әскери колледждің кадеті жараланғаны мәлім болған.

Жылдың басынан бері қорғаныс министрлігі мен ішкі істер министрлігінің ондаған жауынгері қаза болды. Мұны көбне әскердегі әлімжеттікпен байланыстырады.

22 тамызда Қазақстан қорғаныс министрлігі «әскери қызметкердің өлімі тек қарулы күштерде емес, басқа да әскер түрлерінде орын алып отыр. Тексеру нәтижелері өз-өзіне қол салу көп жағдайда қызмет өткерумен байланыс емес екенін көрсетті. Әскерге шақыруға дейінгі кезеңде әскери қызмектерлерді осындай әрекетке итермелейтін әртүрлі өмірлік жағдайлар кездесетінін ескеру керек» деп мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз