Жарнама
ҚоғамЭкология

Жайықты қайтсек құтқарамыз?

Өткен жылдың аяғында облыстық қоғамдық кеңес отырысында кеңес мүшелері де осы мәселеге бас қатырды. Кеңес атынан көптеген ұсыныс жасаған Шынар Ізтелеуова жылдар бойына түп тереңдету жұмыстары жүргізіліп келе жатқанымен өңірдегі су мәселесінің әлі күнге шешімін таппай отырғанына қынжылыс білдірді.

Ол нақты нәтиже бермеуінің басты себебі ретінде жоба жұмысында жүйелі бір тәсілдің жоқтығын атады. Осы ретте теңіз арнасында тереңдету жұмыстарын жүргізген шетелдік компаниялардың тәжірибесінен үйренген артық етпейді. Әрине, «түп тереңдету жұмыстары өзен арнасының табиғи жағдайына кері əсер етіп жатыр ма?» деген қорқыныш та жоқ емес.

Сондықтан кеңес мүшелері алға қарайғы жасалатын жұмыстардың барлығына ғылыми негіздеме жасалып, осы тұрғыдан зерттеу, талдау жүргізілуі қажет деген ұйғарымға келді. Сонымен бірге, тұрақты түрде қоғамдық мониторинг жүргізіп, бұл жобаға қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, талқылау жүргізуге шақырды. Өзге де ұсыныстар айтылды. Əрине, түп тереңдетуге ғылыми негіздеме жасалуы керек деген қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысының жаны бар. Əйтпесе, жоба өз нəтижесін берер еді ғой. Сондықтан біз «Сырт көз – сыншы» деген қазақтың нақылын бетке ұстап, Ресей ғылым академиясының академигі Александр Чибилевтың пікіріне құлақ салып көрдік. Оның сөзінше, түп тереңдету Жайыққа теріс əсер етіп жатқан көрінеді.

«Негізінен, бұл аймақта өзен суының мөлшерін арттыру жобасы аясында жүзеге асырылып келеді. Бірақ түп тереңдетуден өзендегі су көбеймейді» дейді ол.

Егер шынымен түп тереңдетуден түпкі мəселе шешілмейтін болса, онда жобаның арнасын неге басқа жаққа қарай бұрмасқа?! Мəселен, осы салаға бөлініп жатқан қыруар қаржыны суы сарқылып, арнасы тарылып бара жатқан Жайықты сауықтыру мен Каспийді толтыру мəселесіне жұмсасақ əлдеқайда тиімді болары сөзсіз. Сонымен бірге өзенге түсетін салмақты төмендету мақсатында қаладағы жаңа кəріз суын тазарту қондырғысының (КОС) жұмысын жандандырып, сарқынды суларды өңдеп, Жайық суына «екінші өмір» сыйласа нұр үстіне нұр болар еді. Мұның барлығы түптеп келгенде теңіз бен өзенімізді экологиялық апаттан құтқаратын жарқын жобалар болмақ.

Ербол ҚОШАҚАНОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button