ЖАЙСАҢ МІНЕЗДІ ЖУРНАЛИСТ ЕДІ
Уақыт өте келе Бауыржан өзіне табиғат берген дарынына байланысты жолының мүлдем басқа екендігін байқады. Қолына қаламын ұстап, журналистикаға ден қойды. Бұл салада да жемісті еңбек етті. Облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде, «Ақ Жайық» апталығында, басқа да бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарды. Қаламынан оқырмандар тұшынып оқитын көптеген дүниелерді тудырды.
Бауыржан Есқабыл адал жар, балаларына қамқор әке, немерелеріне ақылшы ата бола білген өнегелі отбасының арқасүйері еді. Қашан көрсең де жайдары күлкі, жайсаң мінезінен танбаған, адалдығы мен ақкөңілділігінен айнымаған айтулы азаматтың бейнесі қатар жүрген қаламдастарының есінде мәңгілік сақталады.
Қадірлі әріптесіміздің қазасына байланысты оның отбасы мен ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
«Атырау-Ақпарат» ЖШС,
облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттері
редакцияларының ұжымдары.