Жарнама
Қоғам

«Жайлы мектеп» құрылысы қалай жүруде?

Елімізде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында жүздеген жаңа мектеп салынып жатыр. Бұл жоба білім сапасын арттырып, оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында іске қосылған. Бірақ оның жүзеге асырылуы көптеген сұрақ тудырады. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында пилоттық ұлттық жобаның облыста іске асыру барысы талқыланды. Депутаттар облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Аманшиеваның есебін тыңдады.

fed3c5ee e433 4f52 a67a 4e0a2417b591

Оның айтуынша, 2023-2025 жылдары ұлттық жоба аясында өңірде 12 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Былтыр 3 мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылған. Биыл қалған 9 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде үш ауысымдық оқыту Атырау қаласының 9 мектебінде байқалады екен. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде облыс мектептерінде үш ауысымды оқыту, оқушы орындарының тапшылығы және апатты мектептерді жою мәселесі шешіледі деп күтілуде. 

Сондай-ақ, облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Аманшиевабалабақшалардың құрылысына да тоқталды.
— Өткен жылдың қараша айында Атырау қаласының Бесікті ауылында 280 орындық 13 топқа арналған балабақшаның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Биыл өңірде 6 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Балабақшаларды қолданысқа беру арқылы қалада балабақша кезегінде тұрған балаларға 2610 жаңа орындар ашылып, балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілген,-деді ол.

16d68161 b959 47c1 9dff d863de743d4b

Облыстық мәслихат депутаты Замзагүл Қарсақова ұлттық жоба шеңберінде салынып жатқан мектептердің құрылысы сақалды құрылысқа айналып кеткенін сынға алды. Оның айтуынша, Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылындағы 600 орындық орта мектеп өткен жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілуі керек екен. Алайда, құрылыс жұмыстары өте баяу жүріп жатқандықтан, мектептің осы жылы да пайдалануға берілетініне күмәнмен қарайтынын жеткізді. Ал, тапсырыс беруші «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі құрылыстың биыл қазан айында аяқталатынын, жұмысын уақытылы атқармайтын мердігер мекеме ауыстырылуы мүмкін екенін айтты. Облыстық мәслихат депутаты Замзагүл Карсакова мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан жоба бойынша салынып жатқан мектептердің сапалы, балаларға қолайлы, қауіпсіз, қолжетімді болуы тиіс екенін қаперге берді.

(Толығырақ облыстық «Атырау» газетінен оқи аласыздар)

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button