Жарнама
Қоғам

Жаяу жүргіншілер жолы қашан салынады?

Облыс орталығында жаяу жүргіншілер жолының құрылысы желтоқсан айына дейін жүргізіледі. Бүгінде Жұмыскер, Өркен шағынаудандарында төселіп жатқан 16 шақырым жолдың басым бөлігі аяқталған. Ал, қаладағы битум мәселесі шешімін тапқан жағдайда асфальт та салынбақ.

Шаһарда жаяу жүргіншілер жолын салу қарқын алып, жұмыс басталған сәтте тұрғындардың қуанышы қойнына сыймаған еді. Өйткені, қара жол көпшілікке қолайсыз болатын. Десек те, соңғы уақытта бұл іс бәсеңдей түсті. Ауа райы суытып, салқындық түсе бастағанда жол құрылысы жұмысы тоқтайтынын білетін атыраулықтарды осы жағдай алаңдата бастаған. Алайда, жол құрылысшылары күдіктенуге еш негіз жоқ екендігіне сендіріп отыр.

Аталған шағынаудандардағы жаяу жүргіншілер жолын салып жатқан мердігер мекеме – «Жайық сити» ЖШС-нің учаске басшысы Мейрамбек Нуховтың айтуынша, Өркен шағынауданында салынып жатқан жолдың жалпы ұзындығы 8300 метрді құрайды. Ал, Жұмыскерде 6000 метр, Рембаза шағынауданында 2000 метр жаяу жүргіншілерге арналған жол төселеді.

– Біздің бұл жұмыстарды бастағанымызға бір айдай уақыт болды. Өркен шағынауданындағы аяқталса, қалған шағынаудандарды желтоқсан айының ортасына дейін толық бітіруді жоспарлап отырмыз. Қалада битум тапшылығына байланысты асфальтты күтіп отырған жайымыз бар. Келген бойда оны да төсеуге тастүйін дайынбыз, — деді Мейрамбек Нухов.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button