Жарнама
Қоғам

ЖАБЫРҚАУ КӨҢІЛДЕР ЖАДЫРАДЫ

 

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген жетім және ата-ананың  қамқорлығынсыз қалған балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева осыдан алты жыл бұрын алаш бөбектерінің анасына айналған Сара Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған акцияның мәні мен маңызына тоқталды.

— Бұл жұмыс жүзеге асқаннан бері аймақта әр жетімнің көз жасын сүртуге ықпал етіп жүрген абзал азаматтар аз емес. Бұған дейін демеушілердің балаларға ұсынған сыйлықтары олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталып отыр, — деді Г.Аманғалиқызы.

Одан әрі жиналғандарды Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев құттықтады.

— Мұндай кездесулер үлкендердің ықыласы жетіспейтін балалар үшін өте маңызды. Өйткені, балалар – Қазақстанның болашағы, олар өз Отанының патриоты мен нағыз азаматы болып өсуі тиіс. Сондықтан, баланың адамгершілік-рухани дамуы мен шығармашылық шыңдалуына толыққанды жағдай жасау – әр азаматтың мемлекетіміздің жарқын болашағының кемелденуіне, өсіп, өркендеуіне қосқан үлесі болары сөзсіз. Бұл ретте Президент балаларды әлеуметтік қамтуда, терең білім алуларына барлық мүмкіндікті жасап келеді. Оның орындалысы жергілікті биліктің назарынан тыс қалған емес, — деген Нұрлыбек Жұмахметұлы бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тілеп, тіршілік түйткілдеріне мойымау қажеттігін айтты. Мереке аясында арнайы дайындалған бағалы сыйлықты табыс етті.

Сондай-ақ, жиынға Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Талпақова, атыраулық дизайнер Айжан Боқаева, спорт шеберлері Асқар Үмбетов, Айдос Дәулетов қатысып, ел болашағы жолында еңбек еткен жолдары туралы әңгімелеп, балалық шақтағы естеліктерімен бөлісті.

Бұл  шараға  демеуші  компаниялар да бос келген жоқ. Балалар үйіне қажетті тауарлар, ойыншықтар табыстады.

Ал, балалар ризашылықтарын білдіріп, жыр шумақтарын шашты. Жиынға қатысушыларға қолөнер бұйымдарын тарту етіп, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button