Жарнама
Қоғам

Жаһанша қайда жерленген?

Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай Жымпиты–Мәскеу бағытында ұйымдастырылған арнайы экспедиция Алашорда үкіметі көсемдерінің бірі Жаһанша Досмұхамедовтің қайда жерленгені туралы мәліметке қол жеткізді.

Белгілі қоғам қайраткері Мәскеудегі Бутово полигонында жерленген. Аталмыш аумақ бұрын қала шетінде болса, қазір Мәскеудің ішінде қалған. Зерттеуші топ таратқан мәліметтерге сәйкес,  мұнда алты үлкен қорым бар. Бұл жерлерде саяси қуғын-сүргін жылдары жазықсыз атылған 20761 адам жерленген.

4a7615a18cead05a8eea41846f08615a

Осындағы ғибадатхананың басшысы Кирилл Каледа Ресей үкіметінің қолдауымен 1997 жылдан бері тынбай еңбектеніп, Бутово полигонында жерленген мыңнан астам саяси қуғын-сүргін құрбандарының аты-жөнін анықтап, бірнеше кітап шығарған. Соның   3-томының 82-бетінде Ж.Досмұхамедов туралы да мәлімет берілген. Яғни, 1938 жылы 3 тамыз күні атылған 120 адамның ішінде Жаһанша да бар.

Бутоводағы қырғын 1937 жылы 8 тамызда басталып, 1938 жылдың қарашасына дейін  жалғасқан. Ал, мәйіттер қалай болса солай, ретсіз көмілген. Мәселен, 12 шаршы метр жердің өзінен 149 адамның сүйегі шыққан.

«Қазіргі таңда Бутово полигонындағы мәрмәр тақтаға осы жерде құрбан болғандардың аты-жөндері жазылуда. Тақтада Жаһанша Досмұхамедовтің аты-жөні, атылған күні толықтай жазылған. Олар Жаһаншаның кім екенін білмесе де, тізімге кіргізген» дейді экспедиция құрамында болған тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова. Топ мүшелері Бутоводағы қорымға елден апарған бір уыс топырақты салып, 1906-1910 жылдары Жаһанша заңгер мамандығын алып шыққан ғимаратта, Досмұхамедовтер отбасы тұрған үйде, Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханов жерленген Дон зиратында  да болды.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button