ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ Ортақ мақсат бір арнаға тоғысса…
Мемлекет басшысы қай уақытта да көпшіліктің пікірімен санасып отырады. Ол осы жолы да халықтың мүддесін қорғайтын, қандай қиын кезеңде де тығырықтан шығудың жолын таба білетін Көшбасшы екенін көрсете білді.
Жер кодексінің түзетулеріне мораторий жариялау арқылы заңды терең талдауға, жетік түсінуге мүмкіндік беріліп отыр. Елбасының бұл шешімін қолдаймыз. Қоғамда орын алған кейбір түсінбестіктер көпшілікке заңды түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен туындап отыр деп санаймын.
Жалпы, «жерді жалға беру – оны сату» дегенді білдірмейді. Орта есеппен алғанда, біздегі ауыл шаруашылығына арналған жерлердің 30 пайызға жуығы өз мақсатына тиімді пайдаланылмай отыр. Мәліметтерге жүгінсек, елімізде 100 млн. гектарға жуық жайылымдық жерлер игерілмепті. Экономистердің айтуынша, мұндай жер көлемінен 1 млн. тоннаға дейін мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге болады екен. Ал, жерді игеру үшін көп қаражат керек екені белгілі. Қалай болғанда да жерге қатысты өзгерістер керек-ақ. Бірақ, ол халықтың да, биліктің де көңілінен шығып, ортақ мақсат бір арнаға тоғысса деген тілек бар.
Жайлы ӨМІРБЕКОВА,
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы.