«Жаңа үйге көшкендей болдық…»
Терможаңғыртудан өткен үйдің тұрғындары осылай дейді Атырауда терможаңғыртуды қажет ететін 52 үй кезекте тұр.
Ал, биыл төрт үй аталған бағдарлама шеңберінде жаңғырту жоспарына енгізілді. Облыс орталығындағы Авангард-3 ықшамауданының 48-інші үйін қайтарымды қаражат негізінде терможаңғыртуға 49 миллион 594 мың теңге ақша бөлінді. Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев жаңартылған үйдің жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті. Бес қабатты 100 пәтерлік үйдің салынғанына қырық жылдай уақыт өтіпті. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген нысан әбден тозығы жетіп, тұрғындар күні кешеге дейін наразылық білдіріп келді. — Атырауда жетпісінші-сексенінші жылдары салынып, тозығы жеткен үйлердің көп екені рас. Бұл бағытта қалада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, екі-үш жылда көпқабатты үйлерге жасалып жатқан терможаңғырту жұмыстарының сапалылығына халық дән риза. Бұрын тұрғындар «үйіміз тозып, әрең тұрғанда сапасыз жөндеу жұмыстарын қайтеміз?» деп қарсылық білдіретін. Ал, қазір керісінше, тұрғындар тарапынан көптеген өтініштер түсуде. Күні бүгінде терможаңғырту жұмыстарын жүргізуге 52 үйден сұраныс түсіп отыр, — дейді шаһар басшысы Нұрлыбек Жұмахметұлы.
Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз