Жарнама
Қоғам

Жұмысшылар талабы тексеріледі

7 шілдеде жасанды аралда жұрт назарын аударған оқиға болды. Сол күні ағылшындық «CAPE Industrial Services» компаниясының филиалы мен отандық «Manpower services» серіктестігінің 200-ге жуық жұмысшысы жұмыстарына шықпады. Олардың пікірінше, құрылымның қожалары заңсыз әрекет жасап отыр. Жұмыстың аяқталуына байланысты қолға алынған қысқарту құқықтық талапқа сай емес. Өтемақы төленбейтін көрінеді. Бұл өз кезегінде еңбеккерлердің наразылығын туғызуда. Күрмеле бастаған күрделі мәселені шешу үшін теңізге облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев бастаған топ барып қайтты. Олардың арасында облыс прокурорының орынбасары Серік Шалабаев та бар. 
— Қазіргі уақытта жасанды аралдағы ахуал тұрақты. Жұмысшылар өз міндеттеріне кірісті. Жұмыс та кесте бойынша жүріп жатыр. Дегенмен, олардың еңбек заңдылығына қатысты қойған талаптары ескеріледі, ұжымдық арыздары тексеріледі. Еңбеккерлердің өтемақылары да толық көлемде төленбекші. Қысқартуға қатысты туындаған барлық мәселе тек заң шеңберінде шешілуі керек, — деді ресми өкіл.
А.Нұрғалиевтың баяндауынша, аталған еңбеккерлердің жұмыс көлемі 12 тамыз күні бітеді. Яғни, соның алдында бір ай бұрын олар қысқарту туралы хабарламаны алуда. Прокуратура өкілі қалай еткенде де барлық жағдай заң аясында жүзеге асатынына тоқталды.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button