Қоғам
ЖҰМАТАЙ АЛИЕВ, ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: БІЗ – БІРТҰТАС ХАЛЫҚПЫЗ
Қазақстан Президентінің саясатын әлем жоғары бағалайды. Себебі, елдегі бірлік пен татулықты қалыптастыруда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Рас, Кеңес Одағы ыдыраған тұста Қазақ елінің болашағына күмәнмен қараған елдер болды. Сарапшылардың басым бөлігі «Қазақстанда этносаралық кикілжіңдер орын алады» деген пікірді де алға тартты. Бірақ, қазақ қанмен сіңген қасиетінен, яғни қонақжайлығынан, меймандостығынан, кеңпейілдігінен ажыраған жоқ. Соның нәтижесінде біз «Қазақстан халқы» деген біртұтас атауға ие болдық. Ал, бірлігі жарасқан елдің ғана озатынын әлем елдерінде орын алып жатқан оқиғалар дәлелдеп беріп отыр.