Қоғам
Зейнолла САМАШЕВ:«Сарайшықты сақтаудың екі жолы бар»
— Зейнеке, жол болсын. Көптен бері Атырауға келмей кеттіңіз. Қазір бізде археологиялық жұмыстарды қайтадан жалғастыру үшін бірқатар шаралар қолға алынып жатыр. Облыста археологиялық орталық ашылмақшы. Сарайшықта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу ісі қайтадан жалғасын таппақ…
— Сонау елуінші жылдары Ә.Марғұлан, С.П.Толстов, Г.И.Пацевигтер қазба жұмыстарын бастаған көне Сарайшықтан бүгінде небәрі 30 пайыз ғана белгі қалғаны өкінішті. Жайық өзенінің қатты ағысынан жағалаулардың бұзылып, көне қалашықтың біраз жерінің су астында қалып жатқаны өкінішті. Ежелгі Сарайшық қалашығының аумағындағы көне бейітті өзен суы шайып өтіп, адам сүйектерінің шашылып жатқандығы туралы ақпарат құралдары дабыл қағып жазған да болатын. Қынжылтарлығы сол, қазба жұмыстары жүргізілген орын қоршаулы тұрғанымен, кіріп-шығып жүрген балалар өздері тауып алып келген көне жәдігерлерді саяхатшыларға сатып та жүргенін естідік. Міне, көне Сарайшықтың бүгінгі жағдайы осындай.
Рас, Сарайшықта қазба жұмыстарын жүргізу ісі көптен бері тоқтап қалды. Атырауда ешкім қоз- ғалмағандықтан былтыр осы Сарайшыққа байланысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Ақтауда өтті. Көптеген ғалымдар қатысты. Мен де барып баяндама жасағанмын. Неге екенін білмеймін, Атыраудан бірде-бір тарихшы қатыспады. Конференция барысында бірқатар маңызды мәселелер қозғалды. Енді бір он шақты жылдан соң Сарайшықтан мүлдем айырылып қаламыз ба деп қорқам. Оны судан қорғау жұмыстарына дереу кірісіп, қазу жұмыстарын жалғастыру керек.
— Сіз осы мәселені билік орындары алдына қойып көрдіңіз бе?
— Сарайшықты Жайық суынан қорғау мәселесін мен жиырма жыл бойы айтып та, жазып та келемін. Қазақстан мұнайының жүз жылдық мерейтойы өткен кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатынмын. Сол кезде оған да айтқанмын. Елбасының өзі де Сарайшыққа барып осы мәселені көзімен көріп қайтты. «Сарайшықты қорғау керек» деген мәселені сол кезде ол жергілікті басшыларға айтып, тапсырып та кеткен болатын. Дегенмен, нақты іс әлі жүрмей тұр. «Айта, айта Алтайды, Жамал апа қартайды» демекші, мен бұл мәселені айта-айта жауыр болдым. Осыдан төрт-бес жыл бұрын Атырау облысы әкіміне шығып, Сарайшықты судан қорғау мәселесін тағы да көтерген болатынмын. Тіпті, қаражатын да тауып едік. Бірақ, мәселе аяқсыз қалды.
— Сарайшықты қорғау үшін қандай шараларды ұсынып едіңіз?
— Сарайшықтың тұсындағы Жайық өзенінің жағасын шамамен бір жарым шақырым жерді бетонмен бекітіп, қазба жұмыстарын қорғауға болады. Бұл – жеңіл жолы. Археологтар арқылы мұны жүргізуге әбден болады. Бірінші нұсқа шамамен 11 млрд. теңгедей қаржы жұмсауды талап етеді. Жағада алып құрылыс жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Ежелгі қаланы қорғаудың тағы бір ұтымды жолы ретінде Жайық өзенін бұрынғы арнаға бұруды ұсынар едім. Бұл арқылы Сарайшықты судың шайып кетуінен әбден қорғап қалуға болады. Бұл нұсқа бойынша жұмсалатын қаржы одан екі-үш есе арзан. Әрі Сарайшықтағы қазба жұмыстарына ешқандай зияны тимейді. Тек бір қолайсыздығы – сол жерде орналасқан қазіргі Сарайшық елді мекенін басқа жерге көшіру керек. Себебі, Жайық өзенінің жаңа арнасы елді мекеннен үш-төрт шақырымға алыстап кетеді екен.
Белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, әріптесім Марат Қасенов Сарайшық құм балшықпен салынған қала болғандықтан, осы ерекшелікті ескеріп, қазба жұмыстары жүрген жерлердің үстіне қорғанша жасап, оны жаңбырдан қорғау әдісін қолдануды ұсынып жүр. Бұл да оңды мәселе. «Қазылған үйлердің қабырғаларын құмбалшықпен майлап, ұзақ уақытқа дейін сақтай аламыз» дейді ол.
Рас, бүгінде Отырарды, Сауранды және Сығанақты осылай сақтап отырмыз. Жалпы, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде оны қорғау жұмыстарын қатар жүргізеді. Өкінішке орай бізде қазір қаржыны тек қазу жұмыстарына ғана бөлініп отыр.
— Егер де жұмсалатын қаржысы шешілсе, осы іске араласар ма едіңіз?
— Әрине. Егер де ондай ұсыныс түсіп жатса, неге араласпасқа? Сосын, бұл — біздің көп жылғы еңбегіміздің нәтижесі ғой. Сарайшықты қорғау жұмыстарымен қатар, қазу жұмыстарын да бірге жүргізуге болады. Сосын қазу жұмыстарына шетелдік археологтарды да тартар едік. Мысалы, қазірдің өзінде ресейлік татар, қалмақ, ноғай археолог-ғалымдары бізбен бірге қазу жұмыстарына дайын. Бұл Сарайшықтың халықаралық маңыздылығын арттырар еді.
— Әңгімеңіз үшін рахмет!

Сұхбаттасқан:
Қабибек МҰХИТОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты.
Атырау қаласы.