ЗЕЙНЕТАҚЫМЫЗ ҚАЛАЙ ӨСТІ?

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының бәрінде, сондай-ақ биылғы «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында да зейнеткерлер мен бұқараның әлеуметтік жағынан қамқорлауға лайық тобына баса назар аударумен келеді. Елде қанша жерден экономикалық тығырық орын алса да, қарттар мен мүгедектер, көп балалы аналар мен жас нәрестелер ештеңеден тарықпауы керектігін атап айтқан еді. Сол себептен жылма-жыл зейнетақы мен жәрдемақылар белгілі бір пайызға өсіп, қазақстандықтардың күпті көңілін орнықтыруда.

Алдымен айтарымыз, биылғы 1 қаңтардан ең төменгі күнкөріс деңгейі 21 364 теңгеге дейін көтерілді (былтыр ол 19 966 теңге болған). Осыған байланысты зейнеткерлік базалық төлемдер 11 182 теңге болады. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдан бастап зейнетақы мөлшерінің барлығы 9 пайызға арттырылды. Егер зейнеткер өткен жылы 30 000 теңге зейнетақы алған болса, онда ол биылғы қаңтардан бастап 32 700 теңге алатын болады (30000 х 1,09 = 32 700). Зейнетақы мөлшерін есептеу үшін алынатын табыстың ең көп мөлшері – 81 262 теңге немесе 41 айлық есептік көрсеткіш.Айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 1 982 теңге. Зейнетақы мөлшерінің ең көп мөлшері 60 947 теңге (81 262 теңгенің – 41 айлық есептік көрсеткіштің – 75 пайызы), осыған 11 182 теңгебазалық зейнетақы төлемін қосқанда барлығы72 129 теңгеболады.

Осы жылда тағайындалатын ең төменгі зейнетақы мөлшері – 23 692 теңге. Оған базалық төлем – 11 182 теңгені қосқанда, барлығы 34 874 теңгені құрайды. Ал, былтыр ол 21 736 теңге + 10 450 теңге = 32 186 теңге болды. Барша қазақстандық зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылар сияқты Атырау облысының 47,5 мыңнан астам адамының зейнетақы мөлшері өзгерді. Осыған орай, яғни ең аз күнкөріс деңгейінің мөлшері 19 966 теңгеден 21 364 теңге болып өзгеруіне байланысты барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де өсіп отыр. Енді соларға тоқталайық.

Сондай-ақ, облыс бойынша 21 мыңнанастам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың жәрдемақы мөлшерлері де өсірілді. Айлық есептік көрсеткіштің 1 852 теңгеден 1 982теңге болып өзгеруіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерлері де өзгерді, яғни олар 7 пайызға арттырылды. Сонда:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 29 632 теңгеден 31 712 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге 11 464 теңгеден 12 269 теңгеге;

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге 13 983 теңгеден 14 965 теңгеге;

Тылда еңбек еткендерге 3 945 теңгеден 4 222 теңгеге;

І – ІІ топ мүгедектеріне 2 760 теңгеден 2 954 теңгеге;

ІІІ топ мүгедектеріне 1 186 теңгеден 1 269 теңгеге;

Көп балалы аналарға 7 705 теңгеден 8 246 теңгеге.

Ал, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталғандарға 11 853 теңгеден12 685 теңгеге, осылайша барлығы облыс бойынша 41,6 мыңнанастам адамның арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері өсірілді. Бұларға қоса бала бір жасқа жеткенше оның күтімімен отырған аналарға берілетін жәрдемақылар да өзгерді, айталық:

бірінші балаға 10 668 теңгеден 11 417 теңгеге;

екінші балаға 12 613 теңгеден 13 498 теңгеге;

үшінші балаға 14 539 теңгеден 15 559 теңгеге;

төртінші және одан да көп балаға 16 483 теңгеден 17 640 теңгеге.

Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 58 172 теңгеден 62 255 теңгеге өсірілді. Ал, төртінші және одан кейінгі бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері 96 953 теңгеден 103 758 теңгеге дейін өзгертілді. Сонымен бірге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналар мен қамқоршыларға ай сайын 22 433 теңгемөлшерінде жәрдемақы тағайындалады, өткен жылы оның мөлшері 20 965 теңге болған еді.

 

Мүгедектігі мен жалпы аурулығына байланысты

І топ үшін 28 352 теңгеден 30 337 теңгеге

ІІ топ – 22 163 теңгеден 23 715 теңгеге

ІІІ топ – 15 574 теңгеден 16 664 теңгеге

16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге

20 965 теңгеден 22 433 теңгеге

Бала жастан және 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектерге

І топ үшін 28 352 теңгеден 30 337 теңгеге

ІІ топ – 23 161 теңгеден 24 783 теңгеге

ІІ топ – 18 170 теңгеден 19 442 теңгеге

Асыраушысынан айырылуына байланысты

1 еңбекке жарамсыз жанұяға 13 777 теңгеден 14 742 теңгеге

2 еңбекке жарамсыз жанұяға 23 760 теңгеден 25 424 теңгеге

3 еңбекке жарамсыз жанұяға 29 550 теңгеден 31 619 теңгеге

4 еңбекке жарамсыз жанұяға 31 347 теңгеден 33 542 теңгеге

5 еңбекке жарамсыз жанұяға 32 345 теңгеден 34 610 теңгеге

6 және одан көп еңбекке жарамсыз жанұяға 33 743 теңгеден

36 106 теңгеге

1 тұлдыр жетім балаға 18 769 теңгеден 20 083 теңгеге

2 тұлдыр жетім балаға 37 537 теңгеден 40 165 теңгеге

Жасына байланысты

10 383 теңгеден 11 110 теңгеге дейін өзгертілді.

Бәтес ЖҰМАҒАЛИЕВА,

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек,

әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Атырау облысы бойынша

департаментінің әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің бас маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз