ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ
— Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласын құқықтық реттеу мәселелерi» туралы өткен «дөңгелек үстел» барысында ҚР Әдiлет министрiнiң орынбасары Зәуреш Баймолдина мәлiм еттi — деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігі. «Мемлекет басшысы негiзiн қалап берген этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмнiң қазақстандық үлгiсi брендке айналды. Бұл бренд – елiмiзде ғана емес, шет елдерде де кең таныла бастаған құбылыс. Соңғы үш жылдың өзiнде ғана Ассамблеяның хатшылығына осы қоғамдық келiсiмдi нығайтудағы Қазақстанның тәжiрибесiн үйрену үшiн шетелдiк сарапшы топтардан, шет ел парламенттерiнен, әртүрлi елдердiң ғалымдары мен дипломаттарынан 60 өтiнiш түскен», — дейді Әдiлет вице-министрi.
Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы халықаралық ұйымдарымен, атап айтсақ, ШЫҰ, ЕАЭО, АӨСШК сынды құрылымдармен ынтымақтастықты бiр iзге салу жөнiнде тиiстi шараларды жетiлдiре түскені жөн. «Осы жылдың сәуiрiнде өткен ҚХА-ның 22-шi сессиясында Мемлекет басшысы да ынтымақтастық мәселесiне көп тоқталды. Әсiресе, Елбасы тапсырғандай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серiктестерiмiз бен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету жөнiндегi жұмыстарды бiр iзге салуы керек», — дейді ол.